Исекешевтің жаңа көмекшісі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исекешевтің жаңа көмекшісі пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әсет Исекешевтің Мемлекеттік емес ұйымдар бойынша жаңа көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала басшысының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Әсет Исекешевтің Мемлекеттік емес ұйымдар бойынша жаңа көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала басшысының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап. 

"Кешеден бері Астана әкімінің үкіметтік емес ұйымдар бойынша көмекшісі жұмысын бастады. Бұл қызметке Мұрат Әбдімомынов тағайындалды. Бұл кеше әкімнің мүмкіншілігі шектеулі жандармен кещдесуі кезінде белгілі болды. Айтпақшы, қазір оларды "рухы мықтылар" деп атаймыз", - дейді Жүргенбаева. 

Қала әкімінің көмекшісін таңдау дауыс беру арқылы жүрген. 

Жүргенбаеваның сөзінше, "Нұр Отан" партиясының астаналық филиалы мен Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы "Астана - рухы мықты жандар қаласы" атты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы бағдарлама жасады. 

Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық өмір мен қала басшылығына белсенді аралсуға мүмкіндік береді. Ресми деректер бойынша Астанада 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети