Астана әкімі Әсет Исекешев жергілікті полиция қызметіне Есіл өзенінің жағалуында балаларға қатысты болған оқиғаға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкім осы жағдайға байланысты істің анық-қанығын білуді тапсырды. Еске салайық, полицейлер 23.00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүрген балаларды ұстаған.

Әкімдіктің хабарлауынша, Астана әкімдігінде құқық қорғау органдарымен қаладағы қауіпсіздік мәселесі мен заң бұзушылықтар жайында жиналыс өткен. "Кәсіпқойлық сіздерге қатысты - бұл тек орындаушылықпен шектелмейді, сыпайы болып елмен жақсы қарым-қатынас орнату. Әсіресе балаларға қатысты", - деді әкім.
Сонымен қатар Исекешев қаладағы кәмелет жасына толмаған балалардың қатысуымен болған заң бұзушылықтарды көбеюіне байланысты құқық қорғау органдарының еңбегін де атап өтті. Жергілікті полицияның мәліметі бойынша жыл басынан бері тек балалардың қатысуымен 104 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке 129 жасөспірім тартылған. Балалардың қатысуымен 97 қылмыс жасалған. Көп жағдайда бұлұрлық, бопсалау, ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, есірткі заттарын пайдалану және тарату.
Осы мерзімнің ішінде Астана қаласы Білім басқармасының кәмелет жасына толмаған адаптация орталығына 467 бала орналастырылған. Оның ішінде 429 бала бақылаусыз және панасыз, қалған 36-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Қазіргі кезде осы ата-аналарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.