Елорда әкімі Әсет Исекешев Астанадағы шойын жапқыштардың ұрланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорда әкімі Әсет Исекешев Астанадағы шойын жапқыштардың ұрланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әкімінің айтуынша, күніне 10-15 канализациялық люктің шойын жапқыштары ұрланады екен.
"Біз қазір осындай мәселеге тап болып отырмыз, күніне шойын жапқыштарын ұрлайды. Балалар күн сайын құлайды. Біз оны жауып үлгеріп жатсақ, ұрылар тағы ұрлайды. Бірде соның салдарынан жол апаты болды, барлығын ұрлай беретін болған, сым тоқтарын, лифттерді де. Бұған ештеңе істей алмай жатырмыз. Өткен жылы үш адамды ұстадық, бірақ олардың кінәсін дәлелдеу қиын, себебі олар ұрлап жатқан мөлшердегі сым үшін айыппұл да салынбайды", - деді Исекешев жылсайынғы кәсіпкерлер конференциясында.
Қала басшысы түсті металл қабылдайтын пункттерге қатаң ескерту жасады.
"Түсті металл қабылдайтын пункттер өте көп, біз оларды реттей алмаймыз. Лицензиялау жүйесін орнату қажет немесе бір механизм енгізуіміз керек", - деді әкім.
Еске слайық, Астанада "Италиялық квартал" және "Қалалық романс" деген зәулім тұрғын үй кешендерінің тұрғындары кабельдердің ұрлануына байланысты жарық пен жылусыз қалған.