Астана әкімі Әсет Исекешев астаналықтарды астаналықтарды елорданың көшірілуіне 20 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Астана әкімі Әсет Исекешев астаналықтарды астаналықтарды елорданың көшірілуіне 20 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 10 желтоқсан - елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні егемен еліміздің тарихында, Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептеймін. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды.
Ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналды. Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі болсын!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!", - делінген әкімнің құттықтауында.