29 тамыз 2017 | 14:16

Исекешев қоғамдық көліктердің жұмыс сапасына жүргізілген мониторинг қортындысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала басшысы Әсет Исекешев кезекті отырыс өткізіп, онда қоғамдық көліктердің жұмыс сапасына жүргізілген мониторингтің аралық қортындысы шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қала басшысы Әсет Исекешев кезекті отырыс өткізіп, онда қоғамдық көліктердің жұмыс сапасына жүргізілген мониторингтің аралық қортындысы шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Отырыста ұсынылатын қызмет сапасының, ережелер мен нормалардың сақталуы, санитарлық жағдайы, кондукторлардың, жүргізушілердің құқығы мен міндеттері туралы айтылды.

Еске салайық, әкім барлық орынбасарлары мен қалалық ведомство басшыларына қоғамдық көліктермен жүріп, заң бұзушылықтардың жолын кесуге қатаң тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда жасалған жұмыстардың алғашқы нәтижесі бар. Жауапты тұлғалар күн сайын осындай бақылаулар нәтижесінде қоғамдық көліктердің жұмысына мониторинг жүргізеді. Тиімді нәтиже алу үшін жауапты мамандар жолаушылар көп жүретін уақыттарда тексерістер жүргізеді. Барлық тексерістердің қортындысы бойынша күн сайын қала әкіміне бар мәселелер көрсетілген есеп ұсынылады. 

Анықталған келеңсіздіктер тез арада жойылуы үшін әкімдікке жіберіледі, ол жерде қаралып, тиісті қызметтерге орындауға міндеттеледі.

Негізгі бұзушылықтар қатарында - автобус ішіндегі жағымсыз иістің болуы, бұл жолаушылар тарапынан көңіл толмаушылық тудырады, көлікті басқарып бара жатып жүргізушінің мобильдік телефонмен сөйлесуі, кір салон, желдету жүйесінің істен шығуы, кондукторлардың дөрекі сөйлесуі және тағы да басқалар.

Мәселелерге қатысты сұрақтарды тиімді шешу үшін қалалық бірыңғай 109 қызметіне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі "Астана24/7", "Мен астаналықпын" топтарына, "Белсенді азамат" мобильдік қосымшаларына түсетін шағымдарға сараптама жасалады.

"Сөзсіз, қоғамдық көліктерді дамыту әкімдік жұмысының басымдық беретін бағыттарының бірі болып табылады. Көліктік саладағы мәселелерді тиімді шешу үшін қала әкімдігі елордада көлікті реттеу және шектеу бойынша бастамаларды жүзеге асыру кешенді жоспары құрылған", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, жол-көлік жүйесін, жолайрықтарды жаяу жүргіншілер өтпе жолын, аялдама кешендерін дамыту үшін жоспарда 12 жүйелі бағыт қарастырылғаны айтылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарға сәйкес қаланың көліктік жүйесінің ағымдағы жағдайына сараптама жасалған. "Қазіргі таңда Астанада 350 мың бірлік техника құралдары тіркелген. Ал басқа қаладан және қала маңынан келетін көліктер санын есептесе, олардың саны 400-450 мың автомобильге жетеді. Күнделікті жүретін қоғамдық көлік саны 1025 бірлікті құрайды. Орта есеппен бір тәуліктегі барлық сапарлар саны - 2 миллион 833 мың, 1000 адамға 350 көліктен келеді. Қаладағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 946 шақырым", - дейді әкімдік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети