ЭСПО-2017 дейін жоспарланған нысандардың құрылысы кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл жөнінде Әсет Исекешев қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы қала әкімінің есеп беруі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ЭСПО-2017 дейін жоспарланған нысандардың құрылысы кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл жөнінде Әсет Исекешев қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы қала әкімінің есеп беруі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Олардың қатарына 4-кіріс жылу магистралі (орталық жылумен жабдықтауға Мыңжылдық аллеясының ауданы, жаңа т/ж вокзалы, "Абу-Даби Плаза" КФК, ЭКСПО-2017, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ "Мәңгілік ел" даңғылы бойынша орналасқан сол жағалау нысандары қосылған) ұзындығы 2,5 км су құбыры (Мұстафин көшесінен ССС дейін), "Талдыкөл" ақаба суларды жинақтағышты, тазарту құрылыстарын жою және басқалары сияқты жобалар кірді.
Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында Астана қаласы Әкімшілігі мен Азия даму банкі арасында "Астана қаласының су ресурстарын бірігіп басқару" жобасы бойынша мастер-жобасын АДБ әзірлеуі бойынша алдын ала келісушілікке қол жеткізілді.
Ағымдағы жылы қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше тұрғызылды, ұзындығы 64,2 шақырым 104 көшеде орта және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Кіші орамды жол жобасы бойынша 2017 жылдың қазан айының соңына дейін Тұран даңғылынан Бейсеков көшесіне дейін Сарайшық көшесі бойынша оралым ашылады; Абылай хан даңғылы мен Қошқарбаев көшесінің қиылысында көлік жол айырығының құрылысы аяқталады. Бейсеков көшелірінің құрылысы жалғасуда. 2018 жылы Бейсеков көшесінен Тұран даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейін Ұлы Дала көшесі бойынша, №46 көшеден №31 көшеге дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша оралым ашылады.
Осы жылы 2 көше бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталады және Комсомольский т/а-дағы 5 көше бойынша, Интернациональный, Мичурино т/а-на су құбырлары мен кәріздің жүргізілетін инженерлік желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылды, Оңтүстік-Шығыс тұрғын-үй алабындағы 7 көшеде (оң жағы), Көктал-1 т/а-да 90%-ға 5,5 км жол аяқталады, су құбыры, тұрмыстық және нөсерлік кәріз желісі аяқталды және іске қосылды. Көрсетілген тұрғын-үй алабтарында құрылыс жұмыстарының толық аяқталуы 2018 жылы жоспарланады.