Астана әкімі Әсет Исекешев студенттерді қонақүйлер мен хостелдерге орналастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әкімі Әсет Исекешев студенттерді қонақүйлер мен хостелдерге орналастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші басты мәселе - ол баспана. 2017 жылы Астанада республика бойынша баспананың 25 пайызы салынды. Баспана салу бойынша алдағы жылдарға төрт орын белгіленді және қаланың ескі бөлігін жаңарту бойынша бағдарламалар құрылды. Бұл жерге 17 миллион шаршы метр баспана салуға болады. Тапсырмаңыз бойынша, қаланы дамытудың бес жылдық бағдарламасын даярлап жатырмыз. "7-20-25" концепциясы тұрғындарға үйлі болуыға мүмкіндік және тұрғын үй құрылысын дамытуға серпіліс береді. Біз Астананың ірі төрт оқу орнын тексеріп, 10мың адамға жатақханадан орын жетіспейтіндігін анықтадық", - дейді Исекешев Астананың ары қарайғы даму мәселесін талқылау кезінде.
Әкімнің сөзінше, бұл мақсатта жалпы аумағы 10,5 гектер болатын 10 жер телісі белгіленді.
"Қазір оқу орындары бұл мәселе бойынша Білім министрлігімен бірге жұмыс істеп жатыр. Колледждерге қатысты айтсақ, 2000 орын жетіспейді. Бұл мәселе бойынша да құрылыс бастап, балама механизді де пайдалануды ұсынамын. Қазір қалада жұлдызы жоқ 100 қонақ үй мен тоғыз мың төсек орны бар хостелдер қоры бар. Мемлекеттік жеке серіктестік аясында студенттерге қызмет көрсетуге болады. Бұл қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені Білім минстрлігімен қарауға аламыз", - дейді әкім.