Исекешев тек Қазақстанда өндірілген киімдерді киеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев

ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев уәдесінде тұрып, Мәжіліске Қазақстанда өндірілген киіммен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев уәдесінде тұрып, Мәжіліске Қазақстанда өндірілген киіммен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Костюм "Қазлитөнеркәсіп" - Алматы, аяқ киім - Қарағандыныкі. Бағасы қымбат емес, қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар костюм мен аяқ киім тігеді. Әсіресе әйелдерге арналған костюмдер көп, шетелдік киімдерге қарағанда ұлттық стильде тігіледі. Бәріміз "Маркамен және брендпен жұмыс істеңдер" дейміз", - деді ол Парламент Мәжілісінің отырысының үзілісі кезінде тілшілерге.  

Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілген жақсы ақ жейде 10-15 мың теңге тұрады, костюм - 30 мыңнан 70 мыңға дейін, ал аяқ киім - 10-15 мың теңге аралығында.

Әсет Исекешев белдік пен галстуктың ғана шетелдік өндірушілердің өнімі екенін жасырмады. 

"Тіпті шұлық та Астанада өндірілген", - деді ведомство басшысы. 

Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов осыған дейін Парламент Мәжілісінің үкіметтік сағаттарының бірінде Әсет Исекешевтің келесі кезекте депутаттар алдында сөз сөйлеуге Қазақстанда өндірілген киіммен келетінін уәде еткенін хабарлаған болатын.  

Ержанов сол кезде қазақстандық бірнеше жеңіл өнеркәсібінің ҚР инвестиция және даму министрлігіне костюм, жейде және галстук тігіп беруге ниетті екенін хабарлаған еді.   

Ол кейбір отандық киім өндірушілерді мысалға келтірген. Олардың ішінде "шикізаттан дайын тауарға дейін" ұстанымымен киім өндіретін "Меланж Витэк", костюмдер, жейделер мен галстуктарды өндіретін "Қазлитөнеркәсіп" және аяқ киім тігумен айналысатын бірнеше былғары компаниясы. Оның айтуынша, джинсы шалбарларын алматылық компаниялар тігеді, оның ішінде "Сәуле" ЖШС бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro