Ішкі істер министрінің орынбасары және Атырау облысының әкімі Мәжіліске кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары және Атырау облысының әкімі Мәжіліске кетті

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымы депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Ізмұхамбетов Мәжіліс депутаты атануына байланысты аймақ басшысы қызметінен кетеді.

Жалғасы

24 наурызда Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы бекітілді. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутат; Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат мандатқа ие болды. "Нұр Отан" партиясы ұсынған тізімде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те бар.

Мәжілісмен атанған шенеуніктердің қатарында ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров ("Нұр Отан"), ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко да бар. Айта кетейік, олардың орнына кімнің тағайындалатыны әзірше белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети