Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады Ислам Әбішев

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін қалалық сот қаулыны жариялап, Байқоңыр сотының шешімін атап өтті және Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. 2020 жылдың желтоқсанында Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. 72-бапқа ("Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату") 8-тармақ қосылды, енді сыбайлас жемқорлық үшін айыпталып, жасы алпыс үштен асқан ер адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алады", - деді адвокат Ерлан Макенов.

Адвокат Әбішевтің 65 жасқа толғанын, бұдан басқа оның ешқандай заңбұзушылықтары жоғын айтты, бұл сот шешіміне негіз болған.

Еске салайық, 2020 жылдың ақпанында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке Нұр-Сұлтанда үкім шығарылған болатын. Ол 60 миллион теңгеден аса мөлшерде пара алуға әрекет еткені үшін кінәлі деп танылған. Әбішев бес жылға бас бостандығынан айырылған, ол қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеген. Сондай-ақғ оған белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети