Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ислам Каримов Назарбаевтың көрегендігін атап өтті

25 Қараша 2014, 14:16
0
©REUTERS
©REUTERS

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақордадағы кеңейтілген отырыста сөз сөйлеген Каримов өткен жылы қол қойылған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа алғашқыда мән бермегенін мойындады, ал қазір көзқарасын өзгерткен. 

"Бүгінде ол кешегіге қарағанда өзектілікке ие болып отыр, мен үшін бұл факттің өзінің айтарлықтай мәні бар. Әлемде жылдар өте келе ақылдырақ бола түсетін адамдар бар, сонымен бірге, Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге комплимент айтқым келеді, жас кезінен, бала кезінен Алла даналық берген адамдар да бар. Мұның бәрін бір адамның бойынан көру қиын, дегенмен егер бұл адамның табиғи қасиеті болса, оны, мен айтар едім, оның келешекті көре білетіндігін және 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы құжатқа дәл былтыр қол қою керек деген сенімділігін тағы бір мойындауға тура келеді", - деді Каримов. 

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын құрамда өткен кездесуде екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылы маусымда Өзбекстанға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары да қаралды.

Бұған қоса, тараптар өңірлік қауіпсіздіктің негізгі аспектілері мен мейлінше өзекті халықаралық мәселелер туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи және мәдени тұрғыдан жақын елдер екеніне тоқталып өтті.

"Көрші болғандықтан, біз тәуелсіздік жағдайында қарым-қатынасымызды дұрыс құрдық. Қазақстан Өзбекстанды оның барлық бастамаларына қатысты қолдайды. Біз екі елдің достығын нығайтуға, сауданы ұлғайтуға, өзара қарым-қатынастарды ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелері мен өзге де бағыттар бойынша дамытуға ниеттіміз. Біздің елдерімізде қазір осы келіссөздерді жіті бақылап отыр, өйткені бүкіл өңірдегі тұрақтылық пен даму Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымдарына, өзара жұмысына байланысты", – деді Мемлекет басшысы.

Өзбекстан президенті өз кезегінде бүгінде әлемдегі жағдай қарқынды өзгеріп жатқанына тоқталды. "Мұндай жағдайда әрбір ел өзіне таяныш іздейді, жоспарларын нақтылайды және таяу көршілеріне арқа сүйейді. Қазақстан – біз үшін ең жақын ел, ауыр сынақтар мен қуанышты күндері ылғи да бізбен бірге болған жақын халық. Біз әрдайым бір-бірімізге көмекке келдік. Өркендеу жолына сенімді қадам басып бара жатқан Қазақ халқына зор құрметімді білдіргім келеді. Бізге "сағатымызды теңестіріп", алдағы перспективаларды анықтау үшін жиі кездесіп отыру қажет, – деді Ислам Каримов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай