"Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады - Назарбаев © Akorda.kz

Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "МИР 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "МИР 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, біздің еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болған жағдайда ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол  "Ислам мемлекеті" ұйымында (Қазақстанда тыйым салынған) Қазақстан атынан шамамен 500-600 адам бар екенін, ал бұрыңғы Кеңес одағы елдерінен 5 мыңға жуық адам бар екенін айтты.

"Бірінші кезекте адамдардың террористердің ұйымына кірмеуі үшін осындай шараларды қолдану керек. Біз "Ислам мемлекеті" ұйымынан қайтып келген адамдармен алдын ала жұмыс істеуге тырыстық, бірақ бұл еш нәтижесін бермеді. Сондықтан оларға үйлеріне қайтатын жолды жабу туралы шешім қабылданды", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети