"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымында дін жоқ, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ислам мемлекетінде ұлтқа немесе дінге қатыстылық жоқ", - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Ислам мемлекеті" ұйымына еуропалықтар, Орталық Азия мен өзге де өңірлерден шыққандар кіріп жатыр. Назарбаев "Ислам мемлекеті" содырларының ақша үшін жұмыс істейтінін айтты. "Қазіргі уақытта бүкіл әлем қауіп пен хаос төндіріп тұрған терроризмге қарсы бірігіп жатыр. Және мен исламға терроризмді таңуды қолдамаймын. [...] Ислам - бейбітшілік дегенді білдіреді", - деді Президент.
"Құранда мына бір сөздер бар: егер бір адамды өлтірсең, онда бұл бүкіл адамзатты өлтіргенің деген сөз. Сондықтан терроризмді адамзатқа қарсы шыққан дұшпан деп есептеу керек. Жастарымызды одан алыс ұстауымыз керек", - деді Назарбаев.