Бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің "Әл-Айн" командасында дебют жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің "Әл-Айн" командасында дебют жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның жаңа командасы чемпионаттың 15-ші туры аясында өз жерінде "Әл-Васл" құрамасын қабылдайды. Алаң иелері 24 ұпаймен кестеде төртінші орында, ал 22 ұпай жинаған қонақтар 14 клубтың ішінде сегізінші орында тұр.
"Әл-Айн" - "Әл-Васл" ойыны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де басталады, ал оны мына жерден көруге болады. Бұған дейін команданың бас бапкері Педру Эмануэл Исламхан тізімге түскенін және оның бастапқы құрамда болуын да жоққа шығармаған.
"Әл-Айн" Исламханмен келісімге отырғанын кеше, 31 қаңтарда хабарлаған. Жаңа клубта қазақстандық сегізінші нөмірде өнер көрсетеді.
Ал Исламханның өзі "Әл-Айн" футболшысы ретінде алғаш сұхбат беріп, жаңа клубпен жаттығу жасап үлгерді. Ол БАӘ чемпионатының ең қымбат ойыншыларының ондығына кірді.