01 ақпан 2024 | 15:14

Испаниядан ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен Questra Holding компаниясын құрды деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әртүрлі ел аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан.

"Бұл топ 800-ден аса азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Аталған факт бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған.

2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды".

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады. Ұсталған күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы 2012 жылғы 21 қарашадағы шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети