Ит жоғалып кеткен алматылық әйелдің мәйітін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ит жоғалып кеткен алматылық әйелдің мәйітін тапты

Алматыда қызметтік ит із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қызметтік ит із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Әйел 9 қыркүйекте жоғалған, ал оның денесі 23-і табылды. Бұл күні іздестіруге 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлері қатысты.

Сағат 16.30-да қатардағы жауынгер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызмет маманы ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов әйел табылуы мүмкін жерлерді аралап шыққан. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит те болған.

Кинолог итке әйелдің жемпірін иіскетіп, іздеуге жіберген. Ит иіс ізімен жүріп, Бутаковка өзенінің арнасына апарған. Мәйіт осы жерде табылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети