Италия Астанаға тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия Астанаға тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр ©Тұрар Қазанғапов

Италия Астанаға тікелей әуе рейсін ашуға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Италиялық компанияларды шетелге жылжыту және интернационализация жөніндегі агенттіктің президенті Риккардо Монтиге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия Астанаға тікелей әуе рейсін ашуға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Италиялық компанияларды шетелге жылжыту және интернационализация жөніндегі агенттіктің президенті Риккардо Монтиге сілтеме жасап. 

"Біз тікелей байланыстың жоқтығы мәселесін шешу үшін жұмыс жасаймыз. Қазіргі уақытта біз Астанаға тікелей рейс ұйымдастырумен айналысып жатырмыз", - деді Монти Қазақстан-Италия форумында. Мұнымен бірге, Монти қазақстандық кәсіпкерлерді Милан қаласында өтетін EXPO-2015 халықаралық көрмесіне шақырды. 

"Біз Қазақстаннан кәсіпкерлерді Миланға EXPO өтетін алты ай уақытқа ғана емес, сонымен қатар италиялық түрлі кластерлерге шақырамыз, онда өндірістің белгілі бір салалары дамып жатыр", - деді ол.

Астанада Қазақстан-Италия форумы өтіп жатыр. Оны Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашты. Ол қонақтармен итальян және ағылшын тілдерінде сәлемдесіп, Италия өкілдерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Италиялық делегация құрамында 80 компания бар, олар агроөнеркәсіп кешенін, тоқыма өнеркәсібін, құрылыс индустриясын ұсынады. Қазақстандық тараптан ұлттық компаниялар мен салалық ұйымдардың 200-ге жуық өкілі қатысып жатыр. 

Сонымен бірге, италиялық компаниялардың бірі Қазақстанда құбыр өндіретін кәсіпорын ашып жатқаны белгілі болды. Бұл құбырлар Ақтаудағы арнайы экономикалық аймағы аумағында орнатылады. "Инвестицияның сомасы шамамен - 40 миллион доллар, бұл бірінші фаза. Жүзге жуық жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2015 жылдың наурызында басталып, өндіріс 2016 жылдың бірінші тоқсанында басталады", - деді журналистерге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров. 

Ресми деректерге сәйкес, 2013 жылы Италиямен екі жақты тауар айналымы - 16,2 миллиард доллар (экспорт - 15,2 миллиард, импорт - 993 миллион). Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында көрсеткіш 11,7 миллиард долларға жетті (экспорт - 10,4 миллиард, импорт - 588,4 миллион).

Қазақстанда италиялық тараптың қатысуымен 178-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети