Италиялық әйел қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық әйел қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды Фото:elements.envato.com

Қостанайда полицейлер қос азаматтығы бар әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полицейлер қос азаматтығы бар әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы қазанда облыс орталығы аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері Италия азаматын анықтады. Ол 2017 жылдан бері азаматтық заңнамасын бұзып келген", - деді Қостанай облысы әкімдігінің көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаев.

Әйел шетел азаматтығын алғаны туралы дер кезінде хабарламағандықтан, 4 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарған.

Заң бойынша азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне хабарлауы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети