ҚР Парламенті Қазақстан мен Италия арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімшартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының жалпы отырысынан.
ҚР Парламенті Қазақстан мен Италия арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімшартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының жалпы отырысынан.
"Келісімшарт екі мемлекет арасында сотталған азаматтарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында өтеу үшін беру мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді", - делінген палатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімшартта сотталғандарды берудің мүмкіндігіне қатысты нақты жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, егер сотталған адам жіберілетін елдің азаматы болса, егер сот үкімі түпкілікті шығарылған болса, қылмыскер елге жіберілуге келісім берсе, егер оның жасаған әрекеті екі ел үшін де қылмыс деп саналса және екі мемлекет те азаматты беруге келісетін болса ол отанына қайтарылады. Сонымен бірге, онда сотталған адамды қайтару туралы сұраныс берілген уақытта сотталушының жаза өтеу мерзімі бір жылдан кем емес болуы керектігі көрсетілген.
Егер тараптардың бірі сотталған адамды беру елдің тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке немесе заңнамаға қайшы деп шешсе, сотталған адамға қатысты басқа да қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процестер қозғалатын болса сотталған адамды қайтарудан бас тартылуы мүмкін.