ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2020 | 16:12
"Итті көлікке байлап сүйреген". 72 жастағы жүргізуші әрекетін түсіндірді
Екібастұзда итті көлікке байлап сүйреген 72 жастағы жүргізуші әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде видео жарияланған соң полиция қызметкерлері ондағы жүргізушінің кім екенін анықтауға кірісті.
"Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, бұл күні Алабай итін мал дәрігерлік клиникаға апарған.
Ол егде жаста болуына байланысты итті көлік салонына отырғыза алмаған", - делінген хабарламада.
Осылайша, 72 жастағы ер адам итті көлігіне байлап "қыдыртқан".
Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің көлігі айып тұрағына қойылды. Ит иесіне берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также