Із-түссіз кеткен ұшақ Қазақстанның үстінен ұшқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Із-түссіз кеткен ұшақ Қазақстанның үстінен ұшқан жоқ ©Тravelscoop.co.nz

Малайзияның ізім-ғайым болған ұшағы Қазақстанның үстінен ұшқан жоқ, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаевқа сілтеме жасап хабарлайды. "Ақпарат шындыққа сай келмейді. "Қазаэронавигацияның" 8 наурыз күнгі мәліметінше, Malaysian Airlines компаниясының 9 рейсі Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өткен. Басқа рейстер болған жоқ. Жорамалдап айтқанда, Қазақстан аумағына жеткенше ол өз бағытымен өзге елдердің аумағынан өтуі керек еді, ол аймақтардың бәрі бақыланады. Ақпарат ең әуелі сол елдерге қатысты болуы керек. Сол себепті аталған ұшақтың Қазақстан аумағында бар болуы, ұшып өтуі немесе осында жүруі расталмайды", - деп хабарлады Мұхтыбаев. Оның айтуынша, Малайзия тарапынан Қазақстанның авиациялық билігінің атына іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ешқандай ресми сұрау салынған жоқ. "Қазіргі сәтте де әлгі ұшақтың еліміздің аумағына ұшып келгені туралы ақпарат жоқ", - деді комитет төрағасының орынбасары. Бұған дейін Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағының Қазақстанға қарай ұшуы мүмкін екені туралы хабар тараған болатын. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақтың мәліметінше, ұшақты іздеу екі дәліз бойынша жүргізілуі керек: Таиландтан Қазақстанға қарай немесе Индонезиядан Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне қарай. Еске салайық, Boeing 777 ұшағы 8 наурызға қараған түні бағытынан тайып, радардан көрінбей кеткен еді. Оның бортында 239 адам болды. Куала-Лумпурден ұшқан лайнер Қытай астанасына келуі тиіс болатын, Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымда болған кезде одан байланыс үзілген. Оны іздеуге 20-дан астам мемлекеттің күші жұмылдырылды, бірақ әлі ешқандай нәтиже болмай тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети