17 қазан 2023 | 16:46

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс: СІМ мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/MODIsrael Фото: facebook.com/MODIsrael

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекте өткен ТМД Саммитіндегі мәлімдемесінде келесідей айтылды: "Ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін террористік әрекеттерді жасауға болмайды. Бұл әрекеттер ақтауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырады.

"Мұндай жағдайда халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Палестина халқының заңды құқықтарын көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау өте маңызды. Зорлық-зомбылық әрекеті қайта зорлық-зомбылықты тудырады және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем үшін сөзсіз қайғылы салдарға алып келеді.

Қазақстан Газа секторының тұрғындарын эвакуациялау үшін белгіленген мерзімдерді алып тастау және қақтығыстың кепілдеріне айналмауы тиіс бейбіт тұрғындардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен халықаралық қоғамдастықпен ниеттестік білдіреді.

Осыған байланысты Қазақстан тараптарды әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуын қамтамасыз етуге және "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде аймақтың барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырады", - делінген СІМ мәлімдемесінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети