Израильдегі қазақстандықтар қалай эвакуацияланады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильдегі қазақстандықтар қалай эвакуацияланады? Фото: t.me/airastana

Air Astana қазақстандықтарды Израильден қалай эвакуациялайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Astana қазақстандықтарды Израильден қалай эвакуациялайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Израильдегі жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясының Тель-Авивке рейстері қосымша ескертуге дейін тоқтатылғаны хабарланған болатын.

"Әуе билеттерін қайтару немесе қайта брондау үшін әуекомпанияның help.airastana.com анықтамалық орталығына хабарласыңыз.

Тель-Авивте болсаңыз, басқа әуекомпанияларға қайта брондау үшін әуекомпанияңызға хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Air Astana әуекомпаниясының байланыс нөмірлері:

  • көмек орталығы - help.airastana.com;
  • Израильге ұшу/ұшып келу мәселелері бойынша жедел желі (24/7) +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • кезекші: +972 (3) 741 78 05;
  • ұялы телефон, whatsapp: +972 55 273 38 13;
  • whatsapp: +7 700 111 31 96.

Қазақстан елшілігі Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Израиль Ливанға қарсы соққы жасады

Соңғы мәлімет бойынша, Израильдегі шабуылдар салдарынан кемінде 200 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған. Газа секторында шабуылдардан 232 адам қаза тауып, 1,7 мыңға жуық адам жараланды деп хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети