Израильдің Дохаға соққысы: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильдің Дохаға соққысы: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар Фото:depositphotos.com

Қазіргі уақытта Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бақаевтан Қатар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы жөнінде сұрады.

"Әрине, азаматтардың арасында біздің адамдар бар, бірақ, құдайға шүкір, зардап шеккендер жоқ. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Қазіргі уақытта Қатарда 1500-дей адам бар", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың ішінде 516 адам консулдық есепте тұр. Олармен дипломаттар тұрақты байланыста.

Оқиғаның мән-жайы

9 қыркүйекте Израиль Дохаға соққы жасады. Нысанаға АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылауға келген ХАМАС басшылығы делегациясы орналасқан тұрғын үйлер алынған. Қатар Израиль шабуылын айыптады.

Қатар билігі Доханың тұрғын ауданындағы Израиль соққысына құқықтық жауап дайындау үшін заңгерлер тобын құру туралы хабарлады. Премьер-министр Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани Израильдің әрекеті халықаралық құқықты бұзатынын және АҚШ бастамасымен жүріп жатқан Газа жөніндегі келіссөздер процесін әлсірететінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети