Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Жәбірленуші Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға талап қоюдан бас тартты

10 Қараша 2014, 20:14
0
Ерлан Арын. ©ortcom.kz
Ерлан Арын. ©ortcom.kz

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта ашық түрде жүргізілді. Ерлан Арын 1,6 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырды, сондай-ақ тендерде жеңу үшін 5 млн теңгеден астам пара алды деп айыпталып отыр.

Сот отырысы жәбірленушілердің бірі - кәсіпкер, мәслихат депутаты Илья Теренченконың өтінішінен басталды. Ол сотталушыға материалдық талап қоюдан бас тартатынын хабарлап, 1 млн 650 мың теңге соммасындағы шығынды өтеу туралы талапты қараусыз қалдыруды сұрады. Сондай-ақ ол бұрын мәлімдеген талабы туралы да хабарлады. "Менің Ерлан Мұхтарұлымен ешқандай қарым-қатынасым жоқ, оған қатысты ешқандай өкпе-наз, талап-тілегім де жоқ. Жеке өз басым оны айыптау туралы талап қойған емеспін", - деді Теренченко. 

Сонымен қатар ол өзін жәбірленушімін деп санамайтынын жеткізді. "Сәуір айының басында облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіхалықов ардагерлер үшін "Нива" автокөлігін сатып алуға деген демеушілік көмегімнен бас тартуымды сұраған болатын. Мен адал ниетіммен көмек бергім келді. Мен өзімді жәбірленушімін деп санамаймын, бұл - қайырымдылық көмек, сондықтан бұл ақша маған зиянын келтірді деп есептемеймін. Тіпті мен қаржы полициясына шағымданған да жоқпын. Керісінше, олар мені өздері шақырды, бұл жағдайдың бәрін мен сонда білдім", - деді Теренченко. 

Айта кетейік, Ерлан Арын өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. "Мен бұл айыптауларға келіспеймін, мен өз кінәмді мүлде мойындамаймын", - деп мәлімдеді экс-әкім. Экс-әкімді тек екі адвокат - Айжан Сәбира мен Құлжан Ержан ғана емес, сотталушының анасы Райхан Арын да қорғап отыр. "Мен өз баламның қолы таза екендігіне сенемін және сот әділ шешім шығарады деп үміттенемін. Менің баламның мұндай қылмысқа баруы мүмкін емес", - деді Райхан Арын. 

Бұдан бөлек, Ерлан Арынның қылмыс жасады деп айыпталғанына Павлодар облысының қоғам қайраткерлері де күдікпен қарап отыр. "Мен мұны ешқандай ақылға сыймайтын айыптау деп есептеймін. Оны павлодарлықтар он жылдан бері жақсы біледі, осы уақытқа дейін тек жақсы істерімен көзге түскен. Мұның барлығы жала, тіпті сот отырысы барысында жәбірленушінің өзі оған ешқандай талап қоймайтынын айтып отыр. Оның үстіне Ерлан Арынға қарсы тағылған 10 айыптың сегізі де алынып тасталды. Бұл мұның барлығы асығыс-үсігіс қолдан жасалғандығын, қазір оның барлығы негізсіз болып жатқандығын білдіреді. Сондықтан мен сот оны ақтауы тиіс деп есептеймін", - дейді қоғам қайраткері, еңбек ардагері Даниал Хасенов.  

Ұлы Отан соғысының ардагері Айтқас Өркенов те осындай пікір білдірді. "Ол облыс әкімі болып тұрған кезде, мен оның қабылдауында болғанмын. Ол сөзінде тұратын, түсінігі мол, адал азамат. Ол әрқашан ардагерлерге көмектесіп жүрді. Сондықтан мен оны жазықсыздан жазықсыз отыр деп есептеймін", - деді ардагер. 

Еске сала кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2013 жылдың 20 желтоқсанында, қаржы полициясы оның көмекшісі Төлеген Бастеновты пара алды деген күдікпен ұстаған кезде Павлодар облысы әкімі қызметінен кеткен-тін. Кейін облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіхалықов та қызметінен босатылған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай