Астана қаласының прокуроры Болат Дембаев интернет желісі қолданушыларының көптеген пікірлерімен Алматы аудандық прокуратурасының қызметкері Нұрлан Хабдуловты мадақтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нурлан Хабдулов Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-ғарыштық күштерінің әскери қызмет өту барысында (1993-1994 жж.) бірінші медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген.
Қазіргі таңда Мұхтар Сұлтанов амбулаторлық емдеуден өтіп жатыр.
Еске салайық, 28 шілдеде жер алаяқтығы бойынша қылмыстық істі Астана қаласының №2 Алматы аудандық сот отырысының қарау барысында жәбірленуші Мұхтар Сұлтановта қатты күйзелу салдарынан эпилепсия дерті басталды. Сол уақытта Алматы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрлан Хабдулов алаңдамай, қырағылық танытып, жедел бірінші медициналық көмек көрсетті.