Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Бұл туралы қалалық әкімдік және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері ӨКҚ онлайн-брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Бұл туралы қалалық әкімдік және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері ӨКҚ онлайн-брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 наурызда коронавирус жұқтырудың 515 жағдайы тіркелді, оның 434-і симптомсыз және 81-і симптоммен. Емделіп шыққандар - 285. Бүгін шығарылғандар - 248, ауруханаға түскендер - 317.
"Инфекциялық стационарларда барлығы 2 849 адам жатыр, оның ішінде 107-сі бала. Ересектерден 45-і аса ауыр жағдайда, 409-ы ауыр, 2 395-і орташа дәрежеде. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде барлығы 152 науқас жатыр, онда 298 орын бос. Жасанды тыныс беру аппаратында сегіз адам, инвазив емес аппаратында 58 адам жатыр, 42 аппарат жұмыс істеп тұр.
"Халық аренада" 34 науқас ем қабылдап жатыр, онда жалпы мың орын бар. Жеті қонақүйдегі карантинге арналған орын бос емес", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали.
Сондай-ақ, ол қаладағы вакцинация туралы айтты. Оның айтуынша, 1 ақпаннан сәуірге дейін вакцинаның 15 750 дозасы түскен. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді. Ревакцинация жүріп жатыр. Екінші компонентті 3 810 адам салдырды. Бүгін төртінші транш бойынша - вакцинаның 21 860 дозасы үлестіріледі.
"Жағдай әлі де тұрақты емес. Алматы "қызыл" аймақта орналасқан. Бұл мутацияланған штамдардың таралуына байланысты. Наурыздың басынан бері коронавирус жұқтырған 9 525 дерек тіркелді. Наурызда өсім қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Сырқаттанғандардың ең көп пайызы ЖК немесе ЖШС-де жұмыс істейтін адамдар", - деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!