Жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады - Тоқаев климаттың өзгеруі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады - Тоқаев климаттың өзгеруі туралы Фото:depositphotos.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялаудың шешуші бағытын жалғастыруы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялаудың шешуші бағытын жалғастыруы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ерекше маңызды болып отырғанын айтты.

"Бұл саладағы жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады. Біз барлық дерлік мемлекетке орасан зор зиян келтіретін табиғи апаттардың айтарлықтай өсуіне куә болдық. Жақында Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын сезді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғи апаттың ауқымы жаһандық жылыну процесіне тікелей байланысты. Климаттық қиындықтарды жалғыз жеңу мүмкін емес екені анық.

Әлемдік қоғамдастық экономиканы декарбонизациялауға, бірақ барлық мемлекетті дамыту мен жаңғыртудың өзекті міндеттеріне нұқсан келтірместен шешуші бағытты жалғастыруы тиіс деп санаймын.

Биылғы қарашада Бакуде өтетін COP29 конференциясы аясында климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ынтымақтастығымызды көрсете аламыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети