06 мамыр 2021 14:06

"Жағдай күрделене түсті" - Тоқаев сыртқы қақтығыстар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қақтығыстар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қақтығыстар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын айтты.

"Егемендіктің қадір-қасиеті - жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз қас қақпай  күзетіп тұр. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайладық. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық. Бүгінде армиямыз - елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын мемлекет екенін атап өтті. Бірақ ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс бере аламыз. Соңғы уақытта  жер жүзінде түрлі қақтығыстар көбейіп кетті.

"Сарапшылар алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарды  қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі ахуалмен теңестіруде. ТМД аумағында, тіпті, іргелес көрші елдерде жанжалдар пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түсті. Бұл - бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек. Біздің әскеріміз және барлық Күштік құрылымдар сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети