13 тамыз 2020 | 09:42

Жағдай тұрақтанды - Сағынтаев Алматыдағы коронавирус туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтанғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтанғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі "Алматы" телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Сағынтаевтың айтуынша, №4 және 7 қалалық емханалар өздерінің негізгі бағыттары бойынша толық жұмыс істей бастады. Ал қалғандары өздерінің негізгі жұмыстарына кезең-кезеңімен оралады.

"Күніне шамамен 200 госпиталь жұмыс істейтін болады. Індет шарықтаған кезде біз 500-ге жуық науқасты ауруханаларға жатқыздық. Бұл қаланың медицина жүйесіне түсетін өте ауыр жүк. Індеттің жаңа толқынына қарсы іс- әрекет жоспарына сай стационарлар 2-3 күн ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге дайын болулары тиіс", – деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жедел жұмыс істеу үшін медициналық көмектің алғашқы буыны – алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен емхана байланысы күшейтіліп жатыр. 

"Осыған орай біз КВИ белгілері пайда болған кезде не істеу керек, кімге және қайда жүгінуге болатыны туралы нұсқаулықтар әзірледік. Амбулаториялық ем алып, дәрігерлердің бақылауында болатын науқстарды қажет дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еттік. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды, оған 5 миллиард теңге бөлінді", –  деп түсіндірді қала әкімі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 101 372-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети