"Жағдай тұрақты" - әкімдік Кентаудағы ЖЭО туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жағдай тұрақты" - әкімдік Кентаудағы ЖЭО туралы Фото:otyrar.kz

Кентау ЖЭО-да төрт қазандық та жұмысын жалғастырды, жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кентау ЖЭО-да төрт қазандық та жұмысын жалғастырды, жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, 13 желтоқсанда қатты жел салдарынан (секундына 25-30 метр) электр қуаты үзілген.

"Қатты дауылды желдің салдарынан Кентау Жылу орталығына келетін негізгі және резерв электр желілерінің өшуіне байланысты №5 Жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде қайта электр энергиясы қосылды. Қазіргі уақытта орталықтың 4 қазандығы іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети