13 наурыз 2020 | 16:45

Жағдай ушықса балабақшалар жабылуы мүмкін - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жағдай қиындап кетсе балабақшалардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жағдай қиындап кетсе балабақшалардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп бойынша шешім қабылданды. Ал балабақша туралы қабылданған жоқ. Бәлкім, ата-аналардың өзі белгілі бір шешім қабылдайтын болар. Олар жұмыс кезінде балаларын бір жерге қалдыруы керек қой. Егер жағдай қиындап кетсе, қажет шараны қабылдауымыз мүмкін. Ал аудан әкімдері өздері шешім қабылдауға құқығы бар", - деді Біртанов ОҚК брифингінде. 

Елжан Біртанов қазақстандықтарды адам көп жиналған жерлерге, жиындарға бармауға кеңес берді. 

"Мәселен, тойларда, ең дұрысы - оқшаулану. Бізде ондай жағдайлар сирек кездеседі. Біз қажетсіз байланыстардан аулақ болып, әсіресе балаларды қорғауымыз керек. Ешқандай шара қажет емес. Бөлменің ауасын тазартып, қызуыңызды бақылаңыз, әсіресе қарттарға назар аудару керек" - деді министр.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанда 1974 және 1984 жылғы адамдар коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан 9 наурызда және 12 наурызда келген. Ал кеше білім және ғылым министрді Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысын жалғастыратынын хабарлаған. 

Балабақшалар жұмысын жалғастырады - министр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети