Жер жаһанның алдында тұрған түрлі келеңсіздіктер туралы ашық пікірталас алаңын құраған Астана экономикалық форумы жетінші рет елордада жалауын көтерді. Былтырдан бері Біріккен Ұлттар ұйымының демеуімен форум аясында Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция да өткізіле бастаған. Әлемнің көшбасшы тұлғалары, беделі зор сәуегей саясаткерлері, қаржы һәм экономика саласының элиталары, мемлекет қайраткерлері, сақа сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың басшылары Қазақ елінің астанасында тағы да бас қосып, жаһан үшін жайлы жолды іздестіру мақсатында пікір таластыруға жиналған болатын. Астана экономикалық форумының бұл жолғы жаңалықтары туралы «Алаш айнасы» интернет газетінің (ахиреф қоя салсаңыз) тілшісі таратады.

Үш күнге жалғасқан алқалы жиынның пленарлық отырысына форум авторы әрі жиынның негізін қалаушы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Ал Мемлекет басшысынан бұрын планерлық отырыстың тізгіншісі Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов Астана экономикалық форумының маңызы туралы баяндап, бүгінгі жаһан алдында жаңа қаржылық жағдай ушығудың қаупінде тұрғанына назар аудартып еді. «Экономика тұрғысынан алсақ, кім-кімге де күрделі тиген қаржы дағдарысынан әлем елдері әлі де есін толық жиып біткен жоқ. БРИК елдерінің дамуы болжанғаннан төмен қалыпта тұр, сәйкессінше ғаламдық тұтыну шабандап, жұмыссыздық атты нәубет белең алып барады. Бұған қоса, қазіргі таңда қаржы дағдарысына саяси-әлеуметтік сипаттағы дағдарыс қосылып, жаһандық үйлесімге ешкімнің қауқары қалмағандай күйдеміз. Бұндай жағдайда жаһандық мәселелердің шешімін табу қиынның қиыны», - дейді Петр Стоянов. Оның айтуынша, әлем алмағайып күйді басынан кешіріп отырған тұста дара шабамын деу бекершілік. Ендеше барша ел күш біріктіруі, ортақ шешімдер үшін бас қосуы керек. Сол тұрғыдан алғанда Қазақстан Президентінің G-global платформасы аса өзекті болып табылады. «Бұл G-20 мен G-8-ге де ешқандай балама емес, дегенмен бұл - дүние дискуциясын толықтыратын қосымша құрал. Сондықтан да, біздің ойымызша
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.