Жақсы көруді сұрамаймын, бірақ құрмет болса - Досаев алматылықтарға жүгінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсы көруді сұрамаймын, бірақ құрмет болса - Досаев алматылықтарға жүгінді Фото:gov.kz

Ерболат Досаев алматылықтарды билікпен диалогқа түсуге, мәселені жолды жабу арқылы шешпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев алматылықтарды билікпен диалогқа түсуге, мәселені жолды жабу арқылы шешпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкіміне тұрғын жүгінді. Ол аудан әкімінің үстінен шағымданды: Азамат Қалдыбеков ақпанда қалалықтардың митинг өткіземіз деген тілегіне жауап бермегені, ол тек "полиция көлігін жібергені" айтылды. Нәтижесінде митингіні жергілікті белсенділер тоқтатты, дейді аудан тұрғыны.

"Әкім халықтың алдына шығуы керек", – деді ол.

Бұған жауап ретінде Ерболат Досаев аудан әкімін жақтап, ол кабинетте тығылмайтынын, жедел есеп бойынша "ауданның әр жеріне жүгіріп жүретінін" айтты.

"Алатау – қаланың жаңа ауданы, жерді беруде көп мәселе туындады. Көп жұмыс істелді, әлі де көп нәрсе істеу керек. Адамдарды жинап, келіңіз, сұрақтар қойыңыз, біз жасаймыз.

Мен соңғы кездегі үрдісті байқаймын – Мемлекет басшысына өтініш жасап, жолдарды жауып тастау, бірақ қалада бұған жол бермеймін. Жолдарды жабу заңға қайшы, басқаларға кедергі боласыздар. "Жолды жапсақ, билік қайда барады, өздері келіп шешеді" дегенді естимін. Олай емес, мәселелерді жоспарлағандай шешеміз. Мені тыңдағандарыңызды қалаймын: егер билікпен диалог болса, бұл қалыпты жағдай. Мені әкім ретінде жақсы көруді сұрамаймын, бірақ билік өкілі ретінде құрмет болса – соны қалаймын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети