10 қараша 2014 | 18:31

Жақсыбеков астаналықтардың өтініштері мен шағымдарын жеке бақылауына алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын жеке бақылауына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын жеке бақылауына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Әкім Астана әкімдігінің ресми сайтындағы "Виртуалды қабылдау", "Халықтық бақылау" айдарларына және "051" қызметіне келіп түскен өтініштер мен шағымдарды жеке бақылауына алды. Қала әкімі орынбасарлары мен аудан әкімдеріне бірінші кезекте азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды тиісті шешімін тапқанша назарда ұстауды тапсырды", - делінген хабарламада. 

Жақсыбеков әкімдікте аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында әкім қаладағы ағымдағы жағдай бойынша есепті тыңдап, проблемалық және әлеуетті мәселелерге тоқталды.

"Мемлекет басшысы алдымызға ауқымды әрі күрделі міндеттер қойды. Олар экономикалық өсімге, елорданың инвестициялық климатын жақсартуға серпін береді. Бұл құрылыс, көлік және басқа да маңызды салаларға, соның ішінде энергия тиімділігін арттыруға бағытталған салаларға қатысты", - деді Жақсыбеков, аталған мәселе "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында аса өзекті екендігін айта отырып. 

Сондай-ақ ол жаңа міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық қалалық құрылымдар жұмылып жұмыс істеу керектігін жеткізді. "Сіздердің әрқайсыларыңыз Астананы дамытудың ортақ, жаһандық мақсатын түсінуге, тұтастай жағдайды көріп, өзара қалай әрекет ету керегін түсінуге тиіссіздер. Апта сайын өткізілетін осындай жиналыстар сол үшін қажет", - деді ол.  

Қала басшысы коммуналдық қызметтердің жұмысын жақсарту жөніндегі мәселелерге баса назар аударды. Бұл ең алдымен қар тазалауға, қаланы жылу мен электр энергиясымен қамтуға қатысты. Бұдан бөлек, қала басшысы автотұрақтар мәселесін де көтерді. Жақында жол қозғалысы ережелері жаңа редакцияда қайта жарық көрген болатын. Оған сәйкес көлікті жол бойында қалдыруға тиым салынған. Алайда қала басшысы бүгінде қалада автотұрақтар мен көлік қоятын арнаулы орындардың жетіспеушілігіне байланысты көлік иелерін қолдап, ІІД қызметкерлеріне осындай жағдайларды назарға алуды тапсырды.

Сонымен бірге Жақсыбеков Президенттің жаяу жүргіншілерге арналған жер асты және жер үсті өткелдерін салу жөніндегі тапсырмасын орындау қажеттігіне тоқталды. Бұл да жол қауіпсіздігіне, кептелістердің азаюйына оң әсерін тигізбек.

Онымен қоса, қала басшысы заңсыз сауда фактілері бойынша рейд жүргізуді, тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдауды және бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеуді тапсырды.

Сонымен қатар аппараттық кеңесте жаңадан тағайындалған Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Еділ Мамытбеков, Астана қаласының прокуроры Сабыржан Бекбосынов пен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның экс-қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков 22 қазанда Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалған болатын. Айта кетейік, ол 1997-2003 жылдар аралығында да елорда әкімі қызметін атқарған. Ал Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети