24 тамыз 2015 | 14:09

Жақсыбеков елорда базарларындағы спекулянттардың жолын кесуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мaps.yandex.ru © Мaps.yandex.ru

Жақсыбеков елорда базарларындағы спекулянттардың жолын кесуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиыны барысында елордадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз ету мәселелері талқаланды.


Иконка комментария блок соц сети

Жақсыбеков елорда базарларындағы спекулянттардың жолын кесуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиыны барысында елордадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз ету мәселелері талқаланды.

Әділбек Жақсыбеков тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жүргізіп, бағаларды жөн-жосықсыз көтеретін кәсіпкерлердің спекуляциялық істерінің алдын-алуды тапсырды.

"Мен бұған дейін республикамыздың өңірлерінің қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді тапсырғанмын. Алғашқы нәтижелер де бар. Тамыздың 22 бастап бір ай көлемінде "Мега" сауда орталығының алдында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтетін болады", - деді әкім.

Қала басшысының пікірінше, мұндай шаралар тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие, сондықтан, жәрмеңкелерге барлық өңірлерді тартып, тауар көлемін арттыру қажет. Елордадағы жәрмеңкеге әкелінетін тауарлар бағасы нарықтағы бағалардан әлдеқайда арзан болуы шарт.

Жәрмеңке өткізуге берілетін арнайы аумақтарға тоқтала отырып, Жақсыбеков "Шапағат" базарының осы мақсаттарға арналғанын баса айтты. Алайда оның аумағы көбінде басқа мақсаттарда қолданылады.

"Базар алып-сатарларға толы. Тұрғындар ол жерге тауар өндірушілерден арзан бағаға өнім сатып алу үшін барулары керек. "Шапағат" базарында бір аптаның ішінде тәртіп орнатуды тапсырамын", - деді әкім.

Елорда басшысы дәрілердің, әсіресе, өмірлік маңызы бар препараттардың бағасы өспеуін қадағалау керектігін де атап өтті.

Айта кетейік, жексенбіде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек базарлардағы бағаларды тексеріп шықты. Ол "Көк базар" және "Сарыарқа" базарларында, қала дәріханаларының бірі "Беккер и К" мекемесінде болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети