Бүгін, 10 ақпанда, Астанада ҚФФ-ның кезектен тыс 16-мәслихаты өтті, оның барысында Әділбек Жақсыбеков ұйымның жаңа президенті болып тағайындалды. Қазақстан футболының бұған дейінгі басшысы Сейілді Байшақов қаңтардың басында отставкаға кетті, деп хабарлады Vesti.kz.

Сонымен қатар, Байшақовқа мәслихат кезінде "Қазақстан футболының құрметті қайраткері" атағы берілді.
"Бұл мен үшін зор құрмет және асқақ сенімдеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Алайда 10 қаңтар күні отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. ҚФФ кезекті мәслихатын өткізу туралы өтінішімді қабылдаған атқару комитетінің мүшелеріне рақмет", - деді Байшақов.
Айта кетейік, 18 қаңтарда Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президентігіне үміткер ретінде ұсынылғаны хабарланған болатын.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бұған дейін 2007 және 2014 жылдар аралығында ҚФФ-ны басқарған болатын. Қазір 63 жастағы саясаткер Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарып келеді.