09 сәуір 2014 | 18:39

Жақсыбеков сот актілерін орындау саласындағы жемқорлық жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков. ©Primeminister.kz Әділбек Жақсыбеков. ©Primeminister.kz

ҚР жаңа Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР жаңа Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтинг жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Жақсыбековтің айтуынша, статистикалық мәліметтер сот актілерін орындау деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіріп алынуы тиіс болған 2,2 триллион теңгенің іс-жүзінде тек 108 миллиард теңгесі немесе 5 пайызы ғана алынған.

Сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа мейлінше бейім салалардың бірі болып тұр. "Қалыптасқан ахуал орындаушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп-жетілген мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін көрсетіп отыр", – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

"Отырыс барысында Әділет министрі Б.Имашевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Бәйменовтің есептері тыңдалды", - делінген Ақорданың сайтында.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети