16 желтоқсан 2016 | 23:07

Жақсыбеков түн ортасында Астана әкімі болып тағайындалғаны туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" арнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасының эфирінде 1997 жылы Назарбаевтың оны әкім етіп тағайындауы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" арнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасының эфирінде 1997 жылы Назарбаевтың оны әкім етіп тағайындауы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Әрине, мені әкім етіп тағайындаған күн - 1997 жылдың 10 желтоқсаны - бұл менің өмірімдегі межелі күн болды. Одан кейін бәрі де өзгерді. Ол кезде ең алдымен Нұрсұлтан Әбішұлының сенімін ақтау керек деген ойлар келді. Мен сенерімді, не сенбесімді білмей жүрдім. Ол кезде тәулік бойына еңбек еттік. Сіз мені түнгі он екі жарымда тағайындағансыз. Мені түн ортасында шақырып алғансыз. Нұрсұлтан Әбішұлы менімен неге түн ортасында сөйлесіп отыр деп ойладым", - дейді Президент Әкімшілігінің жетекшісі.

"Жас болдық, ұйқы келмейтін", - деп Жақсыбековтың сөзін бөле отырып қалжыңдады Президент.

"Ертең сені әкім етіп тағайындаймын, бірақ ісіңе сұрау да болады. Бұл менің өмірімдегі ең маңызды, ең шешуші жоба екенін білесің. Сенімге сүйеніп еңбектенеміз, ал егер үмітті ақтамасаң, қазір барыңнан айырыласың", - деп келтірді сол кездегі Назарбаевтың сөзін Жақсыбеков.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та америкалық елшінің бас киімі жайындағы 20 жыл бұрын болған қызық оқиғаны айтып берді.

"1996 жылдың желтоқсанында мен осында (Астанаға - автор ескертпесі) Президенттің тапсырмасымен дипломатиялық корпусты алып келгенмін. Біз қазір отырған жерге. Айдала, бірде-бір ағаш жоқ, бірде-бір ғимарат жоқ, аяз деген сұмдық. Соққан жел америкалық елші Элизабет Джонстың басынан қалпағын ұшырып әкеткен еді. Бүкіл дипломатиялық корпус болып 15 минут бойы қарлы далада сол бас киімді қуалаумен болдық. Бұл бір қызық оқиға болды", - деді Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети