ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 шілде 2026 12:08
Жақсылық Омардың бұрынғы лауазымы неге әлі бос тұр: әкімдік жауабы
Жақсылық Омарға қатысты үкім күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымы әлі де бос тұр. Оның міндетін қазір кім атқарып жатқанын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
"Лауазым бос"
ШҚО әкімі аппараты редакция сауалына берген жауабында өңір әкімінің бірінші орынбасары қызметіне әлі ешкім тағайындалмағанын хабарлады.
"Тиісті міндеттерді уақытша атқару және негізгі бағыттарға жетекшілік ету ішкі регламент пен бекітілген міндеттерді бөлуге сәйкес облыс әкімінің қазіргі орынбасарлары арасында бөлінген", – деп хабарлады аппарат.
Ведомство әкімнің жаңа бірінші орынбасары нақты қашан тағайындалатынын нақтыламады. Тек бұл заңнамада қарастырылған барлық келісу процедуралары аяқталғаннан кейін болатынын айтты.
Сондай-ақ, үкім заңды күшіне енгеннен кейін әкімдік жұмысы штаттық режимде жалғасып жатқаны және айтарлықтай кадрлық өзгерістер болмағаны атап өтілді.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу