Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді Фото 24.kz сайтынан

Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасы ішінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем, Еуропа чемпионы, "Барыс", "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озған еді.

Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети