11 наурыз 2017 12:37

Жақып Асанов жаңа прокурорлардан екі ай ішінде атқарған қызметі жайлы видеоесеп беруді талап етіп жатыр - Бағдат Мусин

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов өнірлік прокурорлардан осы қызметке тағайындалғалы бері екі ай ішінде атқарған қызметі жайлы видеоесеп беруді талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің жаңа басшысы Бағдат Мусин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұл видеода менің туған жерім Екібастұзға прокурор болып тағайындалған Берік Адамов есеп беріп жатыр. Ол мұны не үшін істеп жатыр? Себебі енді бас прокурор Жақып Асанов өңірлік прокурорларды тағайындағанда (қала, облыс прокурорларын) оларды екі ай бойы міндеттерін атқарушы ретінде тағайындауды шешті. Яғни, олар екі ай ішінде өздері қабылдаған шешімдерінің дұрыс екенін нақты әрекеттерімен дәлелдеуі керек. Екі айдан соң прокурорлар видеоесеп түсіріп, ол есеп қабылданған соң сол прокурорға қатысты шешім қабылданады. Сәттілік тілеймін, Берік Адамов!", - деп жазды Мусин.

Берік Адамов видеоесебінде осы қызметке тағайындалғалы бері екі ай ішінде қандай жұмыстарды атқарғаны жайлы айтып берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети