28 қыркүйек 2019 | 10:33

Жақып Асанов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге облыстық сот ғимаратының іргетасын қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Nur Otan партиясы облыстық филиалының "Open Space" форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Nur Otan партиясы облыстық филиалының "Open Space" форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала орталығында орналасқан кеңседе облыс тұрғындары электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Қонақтарды қоғамдық қабылдау кеңсесімен партияның облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" - Nur Otan партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Осы орайда, Қоғамдық қабылдау тұрғындардың шешімін таппаған мәселелерін шешуге атсалыспақ.

Айта кетейік, мұндай форматтағы қабылдау облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістанда ашылып отыр. Он күннің ішінде "Open Space" форматында ашылған қоғамдық қабылдауға 184  азамат өтініш білдірген. Сондай-ақ дәл осы жерде аймақ басшысының өзі де халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге ықпал ететін болады.

Сондай-ақ ҚР Жоғары сот төрағасы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен ашылған Түркістан облысының аймағын дамыту Жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты. Жобалық Кеңсе бүгінде 2 мыңнан астам жобаны іске асыруда. Заманауи жобалық тәсілдерді практикада қолдана отырып, мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу де Жобалық Кеңсенің басты міндеті.

Мұндағы жұмыс барысымен танысқан еліміздің бас судьясы дәл осындай орталықтардың санын арттырып, алдағы уақытта жастарды көбірек жоба жасауға тарту керек екенін айта өтті. Сонымен қатар жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге облыстық сот ғимаратының іргетасын қалады. Жоспарға сәйкес, жобаның құрылысы 2021 жылы толық аяқталмақ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети