Күлше тарату сәті
Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында ең үлкен жеті күлше пісіріліп, бата беру сайысы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыр өңірінің жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды ертерек бастап кетті. Жер-жерде мерекеге байланысты түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі – Жаңаталап ауылында ұйымдастырылды. Наурыздың сән-салтанатты шарасын жарапазаншылар тобы бастады. Олар ауыл ортасындағы бас алаңға жеткенше жол бойына жар салып, халықты тойға шақырды. Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындары сайысқа түсті. Олар ең үлкен күлше, ең дәмді наурыз көже, қазақы салт-дәстүрлерден көрініс, бұрымды қыз, бата беру сайыстарында бақ сынады. Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, диаметрі 1 метрге жететін ең үлкен күлше халыққа таратылды. Әрбір сайыс бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында ең үлкен жеті күлше пісіріліп, бата беру сайысы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыр өңірінің жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды ертерек бастап кетті. Жер-жерде мерекеге байланысты түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі – Жаңаталап ауылында ұйымдастырылды.
Наурыздың сән-салтанатты шарасын жарапазаншылар тобы бастады. Олар ауыл ортасындағы бас алаңға жеткенше жол бойына жар салып, халықты тойға шақырды. Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындары сайысқа түсті. Олар ең үлкен күлше, ең дәмді наурыз көже, қазақы салт-дәстүрлерден көрініс, бұрымды қыз, бата беру сайыстарында бақ сынады.
Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, диаметрі 1 метрге жететін ең үлкен күлше халыққа таратылды. Әрбір сайыс бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.