Жалақы білім деңгейіне қарай төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалақы білім деңгейіне қарай төленеді Фото ©Нұрғиса Елеубеков

2015 жылы шілденің 1-інен бастап Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жүйеге сәйкес, азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың білім мен дайындық деңгейіне, сондай-ақ атқарып жатқан жұмыстың қиындығы мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты болмақ. Осы талаптар бойынша жұмысшылар төрт лауазымға жіктелмек. Олар - басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық персонал. "Мұндай жүйе негізгі еңбекақының (қызметтік оклад) маңыздылығын арттырып, оның көлемін нақты нәтижелермен айқындауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ ол адамның кәсіби жағынан өсіп, еңбек жолының ашылуына өз септігін тигізеді", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети