Ғосман Әмрин. ©Ярослав Радловский
Жалақының аздығынан кеденшілер жемқорлыққа жиі тап болады деп есептейді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин. Бұл туралы ол Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке баяндады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жемқорлық көріністердің негізгі себептерінің бірі әлеуметтік қорғалу мен кеден органдары лауазымды тұлғаларына арналған әлеуметтік кепілдемелер деңгейінің жеткіліксіздігі екенін атап өту керек", - деді Әмрин. Ол құқық қорғау органдарын қайта аттестаттау аясында кеден органы қызметкерлерінің 82%-ының әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымына ауысуы кеденшілер жалақысының орташа есеппен 35%-ға төмендеуіне әкеліп соққанын айтады. "Қазіргі уақытта 2012 жылға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлер бұрынғы деңгейде жалақы алады, ал қайта қабылданған қызметкерлер сондай лауазымда 30-50%-ға аз жалақы алып отыр. Кеден қызметкерлері жалақысының айтарлықтай төмендеуі олардың еңбекке қатынасына кері әсерін тигізіп, жемқорлық көріністерінің пайда болу ықтималдығын едәуір арттырады", - деді бас кеденші. Әмриннің айтуынша, кеден қызметінің әкімшілік қызметшілерінің барлық санатына 1,5% көлемінде бірыңғай қосымша түзету коэффициентін енгізу мәселені шешудің бір жолы болуы мүмкін. Ол ҚР Президентінің Жарлығымен құқық қорғау қызметіне өтудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын енгізу және құқық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғауға бірыңғай талап енгізу жүктелгенін еске салды. "Осы кезге дейін кеден органдарына өзге құқық қорғау органдарына қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер берілмей отыр", - деді Әмрин.
Жалақының аздығынан кеденшілер жемқорлыққа жиі тап болады деп есептейді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин. Бұл туралы ол Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке баяндады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жемқорлық көріністердің негізгі себептерінің бірі әлеуметтік қорғалу мен кеден органдары лауазымды тұлғаларына арналған әлеуметтік кепілдемелер деңгейінің жеткіліксіздігі екенін атап өту керек", - деді Әмрин. Ол құқық қорғау органдарын қайта аттестаттау аясында кеден органы қызметкерлерінің 82%-ының әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымына ауысуы кеденшілер жалақысының орташа есеппен 35%-ға төмендеуіне әкеліп соққанын айтады.
"Қазіргі уақытта 2012 жылға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлер бұрынғы деңгейде жалақы алады, ал қайта қабылданған қызметкерлер сондай лауазымда 30-50%-ға аз жалақы алып отыр. Кеден қызметкерлері жалақысының айтарлықтай төмендеуі олардың еңбекке қатынасына кері әсерін тигізіп, жемқорлық көріністерінің пайда болу ықтималдығын едәуір арттырады", - деді бас кеденші.
Әмриннің айтуынша, кеден қызметінің әкімшілік қызметшілерінің барлық санатына 1,5% көлемінде бірыңғай қосымша түзету коэффициентін енгізу мәселені шешудің бір жолы болуы мүмкін. Ол ҚР Президентінің Жарлығымен құқық қорғау қызметіне өтудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын енгізу және құқық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғауға бірыңғай талап енгізу жүктелгенін еске салды. "Осы кезге дейін кеден органдарына өзге құқық қорғау органдарына қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер берілмей отыр", - деді Әмрин.