Әділет министрі Қанат Мусин жалға берілетін тұрғын үй бағасының күрт өсуіне байланысты қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға кейбір нормаларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділет министрі Қанат Мусин жалға берілетін тұрғын үй бағасының күрт өсуіне байланысты қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға кейбір нормаларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұрғын үйді жалға алу - жалға беруші мен жалға алушы арасындағы азаматтық-құқықтық келісім. Азаматтық кодекстің 556-бабы мүліктік жалдау шартын, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйді жалға беруші шартты біржақты тәртіпте бұзуы мүмкін жағдайларды нақты анықтайды. Тек төрт негіз бар. Олардың ішінде жалдаушы жалдау құнымен келіспеуіне қатысты себеп жоқ. Егер тұрғын үйді жалға беру туралы даулар болса және оларды тараптар өзара реттемесе, онда бұл дау сот тәртібімен реттелуге жатады. Өз құқығыңызды қорғау үшін сотқа жүгіну керек", - деп кеңес берді министр Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Ол азаматтық заңнамаға сәйкес мүліктік жалдау, оның ішінде тұрғын үйді жалдау шарты жазбаша түрде жасалуы керек екенін түсіндірді. Бірақ, өкінішке қарай, келісімдер жазбаша мәміле нысанын сақтамай, ауызша жасалатын жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен, министрдің айтуынша, бұл азаматтың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуіне кедергі келтірмейді.
"Әрине, мүмкіндік бар, бірақ ол сотқа ұсынатын дәлелдерге байланысты. Мен нақты кеңес бере алмаймын, өйткені әр жағдай әртүрлі оқиғалардың үйлесімі. Мүмкін, мессенджерлерде қандай да бір хат алмасу бар шығар. Өйткені, олар қандай да бір жолмен келіскен болуы керек қой. Куәгерлер болуы мүмкін. Яғни, жалға беруші шарт талаптарын өзгерткендіктен, сотта құқықтары бұзылғанын дәлелдеу үшін адамдар барлық қолжетімді әдісті қолдануы керек. Жалпы, жалға беруші жалдау құнын өзгерте алады, бұл оның толық құқығы, өйткені бұл оның меншігі, бірақ келісімшарттарда, әдетте, қашан және қай кезеңде (бектілген құн - еск.) екені көрсетіледі. Екінші тарапқа жалдау ақысы көтерілетіні туралы алдын ала хабарлау керек, сондықтан олардың жалға беру орнын ауыстыруға дайындалуға уақыты бар", - деді Қанат Мусин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!