Жалға пәтер беріп, салық төлемей жүрсіз бе? Меморгандар сізді қалай тауып алатыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалға пәтер беріп, салық төлемей жүрсіз бе? Меморгандар сізді қалай тауып алатыны айтылды

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерлерін жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтар қалай "көлеңкеден шығарылатыны" сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерлерін жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтар қалай "көлеңкеден шығарылатыны" сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, Қаржы министрлігі экономиканың бұл секторын заңды алаңға шығару бағытында жұмыс істеп жатыр. Ол үшін түрлі жеңілдетілген салық режимдері енгізіліп жатыр. Соның ішінде салық төлеушілер тіркеусіз жұмыс істеп, жылына бір рет декларация тапсыра алатын арнайы салық режимі болады.

"Біз камералдық бақылау жүргіземіз, деректерді салыстырамыз. Егер жеке тұлғаның 10 пәтері болып, өзі тек біреуінде тұрса, қалған 9 пәтер, шартты түрде, жалға беріліп жатуы мүмкін. Біз бұл мәселелерді ПИК және учаскелік инспекторлармен бірлесе бақылап отырамыз. Сондай-ақ, осы 10 пәтердің иесі ай сайын, мысалы, мобильді аударымдар арқылы төлемдер алып отырса, оған қатысты сұрақтар туындайды", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Анықтама: Камералдық бақылау – бұл салық органдарының басқа дереккөздер мен салық декларациялары негізінде деректерді қашықтан салыстыруы. Егер заңбұзушылық анықталса, хабарлама жіберіледі.

Вице-министр бұл мәселе тек салық жинауға ғана емес, қылмыспен күреске де қатысты екенін атап өтті. Себебі есеп жүргізілмесе, мұндай пәтерлерде тіркеусіз жүрген "беймәлім адамдар" тұруы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети