Жалған ақпарат - Смайыловтың блогерлерге 13,5 миллиард доллар туралы жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған ақпарат - Смайыловтың блогерлерге 13,5 миллиард доллар туралы жауабы

Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов еліміздегі коронавирус инфекциясымен күреске бөлінген қаржы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов еліміздегі коронавирус инфекциясымен күреске бөлінген қаржы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кей блогердің дерегі бойынша Қазақстан коронавируспен күреске 13,5 миллиард доллар жұмсаған. Әлихан Смайылов желі қолданушылары бұл соманы көрші елдерде бөлінген аз қаржымен салыстыратынын атап өтті.

"Бұл жалған ақпарат екенін айтқым келеді. Коронавируспен немесе эпидемиологияға қарсы күреске республикалық бюджеттен 150 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінді. Бұл шамамен 350 миллион доллар болады. Олар дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясындағы 5,9 триллион теңгенің сомасына кіреді", - деді Смайылов.

"Бұл жұмыспен қамту, әлеуметтік төлем, бизнесті қолдау, кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, тұрғын үй және тағы басқаларды қолдау. Бұл қаражат бір жылға жоспарланған", - деп қосты министр.

Бизнеске жеңілдікпен несие беруге 1 триллион теңге жұмсалады. Бұл - бизнеске төмен мөлшерлемемен несие беру арқылы қайтатын қаржы. Несие қайтарылғанына қарай ақша бастапқы алынған  орнына қайта қойылады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 триллион теңге бөлінді, оның ішінде бюджеттен бөлінетіні 300 миллиард теңге, қалғаны бюджеттен тыс келеді. Бұл әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй шаруашылығы, инженерлік инфрақұрылым, елді мекендерді абаттандыру құрылысы және қайта жөндеуге жұмсалады. 255 мың жұмыс орны ашылады.

"Яғни, Үкіттің осы жылға бөлген ақшасы коронавируспен күреске бағытталған қаржысынан көп. Бұл, жалпы алғанда, дүние жүзіндегі іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, карантин шараларына, сұраныс пен ұсыныстың төмендеуіне байланысты болып отыр. Қаржының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор және ол халықты жұмыспен қамтуға, олардың жұмысын сақтап, елдегі қызмет белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Смайылов.

Еске салайық, Үкімет елдегі жұмыспен қамту және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен 3,4 триллион теңге, бюджеттен тыс 2,5 триллион теңге бөлді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети