Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов антиваксерлер неге халықты вакциналауға қарсы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов антиваксерлер неге халықты вакциналауға қарсы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұратовтың айтуынша, антиваксерлер жеткілікті білім алмаған адамдар санатына жатады.
"Бұл - адамның иммунитеті, жұқпалы ауру және инфекция жұқтыру туралы білмеу. Демек, адам түсінбейді. Бұл - шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттан уланған адамдар тобы. Мұндай жаңалықты хайып жасайтын адамдар таратады. "Спутник" алғаннан кейін Wi-Fi-ға қосуға болады деген түрлі мифтерді шығарады. Бірақ мұндай нәрсе жоқ, түрлі ертегіге қалай сенуге болады? Менің бақылауым бойынша, бұл негізінен балалары бар 35 жастан 50 жасқа дейінгі әйелдер", - деді ол.
Мұратов антиваксерлерді екі топқа бөлді: вакцина зиян екеніне сенімді адамдар және күмәнданып, қосымша ақпарат сұрайтындар.
"Екінші категориядағы адамдарда вакциналарға болмашы сенімсіздік бар. Бірақ вакцинаның бәрі қажетті зертеуден өткізіліп, қауіпсіздік сертификатын алды. Қауіпсіздікке кепілдік беріледі! Ал, вакцина қалай әсер етеді бұл бөлек сұрақ. Оның да жауабы бар. Қала бойынша вакцина алған адамдардың тек 0,9 пайызы вирус жұқтырады. Сонымен қатар, вакцинация ауырудың жеңіл өтуіне мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Мұратов.
Оның айтуынша, егер халықтың көп бөлігі вакцина алса, күмәнданушылар оның оң әсерін көріп, вакцинаның қауіпсіздігіне көз жеткізер еді.
Мұратов қоғамда неге антиваксерлер барын да түсіндіріп өтті.
"Адам санасы теріс жаңалықтарды жақсы және тез қабылдайтын етіп реттелген. Белгілі бір саланың маманы емес адамдарға ақпараттың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсіну өте қиын. Жалған мен ақиқат тек адамның жеке сеніміне байланысты. Антиваксиктер ең алдымен қоршаған ортаға қауіп төндіреді: отбасы мүшелері, әріптестер, туыстары, достары. Бірақ олар бұл туралы ойланғысы келмейді. Олар тек өзінің сеніміне сүйенеді", - деді ол.
Бұл ретте Мұратовтың айтуынша, вакцинацияны адамзат жүз жылдан бері қолданып келеді.
"Вакцинация коронавирус пайда болғаннан бастап қолданылған жоқ қой. Вакцина бұған дейін де қанша адамның өмірін сақтап қалған. Әлемде құтыру ауруына қарсы алғашқы вакцина ойлап табылған кезде, Еуропадағы өмір сүру ұзақтығы едәуір өсті. Оған дейін өмір сүру ұзақтығы 40 жылдан аспады. Қазір вакциналар мен антибиотиктер пайда болғаннан кейін біз жұқпалы аурулардан өлу жағдайын тоқтаттық. Бұл вакцинацияға сенім тудыруы керек", - деді ол.
Сонымен қатар, Тимур Мұратов мәжбүрлі вакцинацияға қарсы екенін мойындады.
"Мәжбүрлеу - бұл адамға еркінен тыс бір нәрсе істету. Яғни, таңдау жоқ. Бірақ біз дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызды ұмытпайық. Біздің ел ерікті вакцинация принципін қабылдады. Хылық екпе салдырмаса, ПТР-сынамасын тапсыруға міндеттейді деп наразылық білдіріп жатыр. Әрине, вакцина салдырмасаңыз ПТР тапсыруыңыз керек. Себебі, инфекция тасымалдаушысы емес екеніңізді қалай білеміз? Сіз жалғыз емессіз. Қоғамның бір мүшесісіз, отбасыңыз бар, жұмыс істейтін ортаңыз бар. Сондықтан өзіңіз үшін болмаса да, басқаларға қауіп төндірмеуіңіз керек. Біз вакцина сал деп мәжбүрлемейміз, оның салдары неге соқтыратынын ғана айтамыз", - деп қосты ол.
Мұратов ерте ме, кеш пе вакцинаның пайдасына күмәнданатын, вирус жоқ деп санайтын көп адам бұның бәріне сенетініне сенімді.
"Өзім 21 жылдық тәжірибемде коронавирус сияқты органдарды жаппай зақымдайтын ауруды көрген жоқпын. Нұр-Сұлтанда коронавируспен 15 мыңнан аса адам ауырып жатыр, олардың 2 мыңнан астамы стационарлық ем қабылдап жатыр, іс жүзінде 250 пациент реанимацияда.
Реанимацияда науқас әрдайым ауыр және оның өмірі көмекші аппаратпен қамтамасыз етілуі керек. Көп адамда ауру жоғары жылдамдықпен дамиды. Адамға 5 пайызбен кірсе, бірнеше күнде өкпенің зақымдануы 75 пайыз болуы мүмкін. Бұл вирус иммунитетті қалай алдауды біледі. Сондай-ақ, бұл вирус адамның оған қарсы иммунитетін өзгерте алады. Бұл цитокиндік дауылды тудыруы мүмкін, бұл адамдар үшін өте қауіпті", - деп толықтырды Мұратов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!